2026 жылғы 27 қазан · Алматы, М. Тынышпаев атындағы ALT University
«Құрылыс мамандықтарының студенттеріне арналған BIM мансап жол картасы» дәрісі
Александр Сивохин ALT University құрылыс факультетінің студенттері алдында сөз сөйледі. BIM Қазақстандағы жобалау мен құрылысты қалай өзгертетіні, қандай цифрлық құралдар нақты нысандарда қолданылып жүргені және олардың жоба мерзімі мен сапасына әсері туралы әңгімеледік.
Дәрістің жеке бөлігі мансапқа арналды: BIM маманына қандай дағдылар қажет, инженер модельдеушіден BIM-менеджерге дейін қалай өседі және салада қазір қандай мамандар жетіспейді.

